Ұлттық диктант
25.09.2025
25 қыркүйекте «Богатырь Көмір» ЖШС-де Қазақстан халқы тілдері күніне және ұлт ұстазы, ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Ұлттық диктант» өткізілді.
Іс-шараны компанияның мемлекеттік тілді дамыту бөлімі ұйымдастырса, бастама көтерген «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы.
Кәсіпорынның бас кеңсесінде тілек білдірген әріптестеріміз өз білімін сынап көру мүмкіндігіне ие болды. Диктантқа Ахмет Байтұрсынұлының 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Оқу жайында» атты мақаласының мәтіні таңдап алынды.
Бұл шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын дамыту және оны үйренуге қызығушылықты арттыру. Сонымен қатар, диктант жазу мемлекеттік тілге деген құрметтің, ұлттық құндылықтарға деген ілтипаттың және ұжымның рухани-мәдени дәстүрлер төңірегінде бірігуінің айқын белгісіне айналды.