Стратегиялық серіктестік

24.09.2025

Бүгін, 24 қыркүйекте, Астана қаласында Орталық Азиядағы ең ірі Komatsu қызмет көрсету орталығы – Component Rebuild Centre Komatsu (CRC) құрылысының ресми басталуы өтті.

Жаңа орталық жапондық өндірушінің техникасына арналған құрамбөліктерді қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын болады.

Бұл ауқымды жобаны Қазақстандағы Komatsu компаниясының ресми дистрибьютері – «КОМЕК Машинери Қазақстан» ЖШС жүзеге асыруда.

Салтанатты рәсімнің құрметті қонақтары ретінде Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ясумаса Ииджима, «Самұрық-Энерго» АҚ даму жөніндегі тең басқарушы директоры Азамат Тақабаев, сондай-ақ бас директор Қайрат Рғайбек бастаған «Богатырь Көмір» ЖШС делегациясы қатысты.

Айта кетейік, бір ай бұрын жапондық өндірушінің өкілдері Екібастұз қаласына келіп, кәсіпорын басшылығымен келіссөздер жүргізген болатын. Бүгінгі шара тараптар арасындағы стратегиялық әріптестіктің кезең-кезеңімен дами түскенінің айқын дәлелі болды.


Жаңалықтар тізіміне оралу