«Богатырь» чемпиондары!

23.09.2025

«Богатырь Көмір» ЖШС тек көмір өндіруші кәсіпорын ретінде ғана емес, спорттағы жетістіктерімен де әлемге танымал.

Жақында Болгарияда өткен қол күресінен әлем чемпионатында Тахир Ильясов жеңімпаз атанса, Қарағандыда өткен күштік спорт түрлерінен әлем чемпионатында Сергей Головлин мен Евгений Ивашкин чемпиондық атаққа ие болды.

Осыған орай, бүгін, 23 қыркүйекте, халықаралық деңгейде ел намысын абыроймен қорғаған әріптестерімізге құрмет көрсетілді. Компанияның бас директоры Қайрат Рғайбектің атынан жеңімпаздарға Алғыс хатты кеңесшісі Серік Саттаров табыс етті. Құттықтау сөзінде Серік Зүкенұлы: «Сіздер халықаралық жарыстарда Қазақстанның ғана емес, «Богатырь Көмір» ЖШС-нің де жалауын биікте желбіретіп жүрсіздер», – деп алғысын білдірді.

Жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі директор Нұрлан Мукулов спорттық-сауықтыру кешеніндегі жөндеу жұмыстарының аяқталғаны жөнінде хабарлады.

Сонымен қатар, бүгіннен бастап дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде (Қонаев атындағы даңғыл, 11А) аптасына екі рет қазақ күресінен жаттығулар басталмақшы. Ал Республика күні мерекесіне орай осы ұлттық спорт түрінен жарыс ұйымдастырылады.

«Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлерінің спорттағы жетістіктерін мақтан тұтады және жаңа спорттық белестерді бағындыруына әрдайым қолдау көрсете береді.


Жаңалықтар тізіміне оралу