Ұрпақтар байланысы

22.09.2025

«Богатырь Көмір» ЖШС өз еңбеккерлерін мақтан тұтады, ардагерлерін ардақтайды.

Екібастұз кен орнының игерілуінің басында болып, кеніштеріміздің ашылуына елеулі үлес қосқан ардагерлерімізге құрмет ретінде арнайы экскурсия ұйымдастырылды.

Құрметті қонақтар алдымен «Богатырь» кенішінің көру алаңына барып, өндіріс қарқынын өз көздерімен көрді. Мұнда олар қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан көмір өндіру жұмыстарымен жан-жақты қанықты. Сондай-ақ, циклдік-толассыз технология кешенінің көру алаңында болып, бүгінгі өндірістің жаңа қырларымен мен заманауи инновациялық жобалармен танысты.

Экскурсия Оқу-курстық комбинатының Еңбек даңқы залында жалғасты. Мұнда Екібастұз көмір алабының тарихы мен компанияның қалыптасу кезеңдері жан-жақты баяндалды. Осы жерде кеншілердің даңқты жолымен Компания серіктестік орнатқан оқу орындарының студенттері де танысты. Жас қонақтар үшін ұйымдастырылған танымдық экскурсия болашақ мамандарға көмір өндірісінің өткені мен бүгінін, оның салалық маңызын жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді.

Ардагерлер шынайы ризашылықтарын білдіріп, ұмытылмас әсерге бөленіп қайтса, студенттер мол тағылым алып, көтеріңкі көңіл-күймен оралды. Мұндай шаралар «Богатырь Көмірдегі» ұрпақтар сабақтастығын, ардагерлер еңбегіне деген құрмет пен жастарға берілер өнегенің айқын көрінісі болып табылады.


Жаңалықтар тізіміне оралу