Тахир-Чемпион!
17.09.2025
«Богатырь» кеніші Теміржол кешенінің теміржол краншысы Тахир Ильясов – кәсіпорнымыздың абыройын асқақтатып жүрген үздік спортшылардың бірі. Болгария мемлекетінде өткен қол күресінен (армрестлинг) Әлем чемпионатына қатысып, 16 қыркүйекте ардагерлер арасында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өз күшін сынады.
Бұл санатта Испания, АҚШ, Украина және Қазақстаннан келген ардагер спортшылар оң және сол қолмен белдесіп, өзара мықтыларын анықтады. Әріптесіміз қос қолынан да қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, барлық кездесуін жеңіспен аяқтап, армрестлингтен ардагерлер арасындағы Әлем чемпионы атанды. Алтын медальға қол жеткізіп, Болгарияның Албена қаласында Қазақстан Республикасының әнұранын шырқатып, еліміздің мәртебесін асқақтатты.
Тахир Ильясовты кезекті ірі жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңіс – «Богатырь» кенішінің 55 жылдығына арналған ерекше сый әрі ұжымымыздың зор мақтанышы.