Кеншілер драйві

13.09.2025

Бүгін «Берёзка» демалыс үйінде «Богатырь Көмір» ЖШС ұжымы шынайы командалық рухтың жарқын мерекесін өткізді!

Көңілді эстафеталар, туристік сынақтар мен жағымды эмоциялар кеншілерді бір арнаға тоғыстырды. Күлкі, құлшыныс және бір-бірін қолдау бұл күнді шынымен ұмытылмас етті. Ұйымдастырушылар ерекше сайыстар әзірлеп, қатысушыларға сурет салдырып, командаларын таныстыруға, ән шырқап, әуендерді табуға, би билеп, бойларындағы бар қабілет пен талантты жарқырата көрсетуге мүмкіндік берді.

Жарыс қорытындысы бойынша командалар келесідей аталымдарға ие болды:

Ең шығармашыл команда — «Горы по колено»

Ең спорттық команда — «Ковёр-самолёт»

Ең көңілді команда — «Туристы»

Ең зияткерлік команда — «Котелок»

Осындай тамаша демалысты біздің кеншілер үшін спорттық-сауықтыру кешенінің өкілдері, Қазақстан Республикасының туризм бойынша еңбек сіңірген нұсқаушысы, ұлттық санаттағы төреші Людмила Шепелева мен оның көмекшілері ұйымдастырды. Ал барлық қатысушыларды дәмді түскі аспен қоғамдық тамақтандыру комбинаты тамақтандырды.

Бұл тимбилдинг біз бірге бәріне қол жеткізе алатынымызды тағы бір рет дәлелдеді!


Жаңалықтар тізіміне оралу