Стратегиялық сапар

06.09.2025

«Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Елжас Отыншиев Екібастұздағы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның негізгі нысандарын аралады.

Ол алдымен ірі отын жеткізушілерінің бірі болып саналатын «Богатырь Көмір» ЖШС-нің өндірістік қуаттарымен, соның ішінде Циклдік-толассыз технологияның жұмысымен, Циклдік-толассыз аршу кешенін (ЦТАК) енгізу жобасымен танысты.

Сапар барысында Екібастұз 1-ші және 2-ші электр станцияларын жаңғырту жобалары мен олардың тиімділігін арттыру жоспарларына ерекше назар аударылды. Аталған электр станциялары Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде стратегиялық рөл атқарады.

1-МАЭС-та мұржа құрылысын жүргізу және турбожеткізу сорғысын орнату, сондай-ақ 2-МАЭС-те үшінші энергоблок орнату жобасын іске асырумен қатар, оны кеңейту және жаңғырту мәселелері талқыланды.


Жаңалықтар тізіміне оралу