Жұмыс басындағы мереке
31.08.2025
Бүгін «Богатырь Көмір» ЖШС-нің бас директоры Қайрат Рғайбек – Шахтёр күніне орай өндірістік алаңдарды аралап, еңбек ұжымдарын кәсіби мерекемен құттықтады.
Компания басшысы кен орнында табанды еңбек етіп жүрген мамандармен жүздесіп, олардың маңдай терімен келген жетістіктері мен адал қызметінің арқасында кәсіпорын тұрақты даму жолына түсіп, көмір өндірісі саласындағы көшбасшылық орнын сақтап келе жатқанын атап өтті.
Мерекелік құттықтауларды келесі ұжымдар қабылдады:
• Циклдік-толассыз технология кешенінің қызметкерлері;
• ТКЖЖ зауытының қоймалық жүк тиеуші конвейерлік таспа құрылысы мен №1901 экскаваторын жөндеуге қатысып жүрген мамандары;
• №1326 ЭКГ экскаваторының экипажы;
• БЖКБ құрамындағы ПЭ-2м локомотив бригадасы;
• SRSK-2000 роторлы экскаваторының экипажы;
• Ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері;
• №1902 ЭКГ экскаваторының экипажы.
Кездесу барысында кеншілер өздеріне көрсетілген құрмет пен қамқорлық үшін компания басшылығына алғыс білдірді. Олар әсіресе биылғы кәсіби мерекеге орай сыйақының дәстүрлі 50 емес, толық 100 пайызға дейін арттырылғанын ерекше ықыласпен атап өтті.
Бас директордың шын жүректен шыққан лебізі мен қолдауы – әрбір кеншінің кәсіби шеберлігіне, табандылығына және ортақ іске қосқан өлшеусіз үлесіне берілген зор баға болды.