Білек күші мықты кеншілер

30.08.2025

Шахтер күніне орай спорттық-сауықтыру кешенінде қызықты әрі тартысты жарыс өтті. «Богатырь Көмір» ЖШС кеншілері қол күресінен бақ сынап, кімнің мықты екенін анықтады.

Жарыс төрт салмақ дәрежесінде ұйымдастырылып, қатысушыларға өз күшін көрсетуге тамаша мүмкіндік берді.

Қатысушылар арасында өз бақтарын алғаш сынағандар да, халықаралық додаларда шыңдалып үлгерген тісқақты кеншілер де болды. Дегенмен, олардың барлығы әуесқой спортшы екенін ұмытпауымыз керек. Соған қарамастан әрбір кездесу нағыз жігер мен қайраттың көрінісіне айналды. Жанкүйерлер қызу қолдап, әрбір жекпе-жекті мерекелік көңіл-күйге бөледі. Армрестлингтен өткен бұл жарыс кеншілердің еңбек майданында ғана емес, спорт алаңында да табандылық пен рух көрсететінін айқын дәлелдеді.

Жарыс қорытындысы бойынша, жеңімпаздар мен жүлдегерлер келесідей анықталды:


Жаңалықтар тізіміне оралу