Жоғары дәрежедегі наградалар

29.08.2025

Бүгін, 29 тамызда, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұз қаласына жұмыс сапарымен келіп, көмір өнеркәсібінің қызметкерлерін кәсіби мерекелері – Шахтер күнімен құттықтады.

Өз сөзінде әкім Асайын Қуандықұлы кеншілердің еліміздің экономикасына қосатын баға жетпес еңбегіне тоқталып, оларға зор алғысын білдірді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, еңбегімен көзге түскен бірқатар көміршілерді мемлекеттік наградалармен марапаттады. Марапатталғандардың арасында «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлері де бар.


«Құрмет» орденімен наградталды:

• Қайрат Рғайбек – «Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры

• Сергей Усик – «Богатырь Көмір» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары


«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандар:

• Мейрам Ахмединов –бульдозер машинисті

• Сағидат Әбдіғалымов – жол машиналарының машинисті

• Қоныс Байсмақов – жол жөндеуші

• Машұр Жанахиденов – дренажды шахта оқпаншысы

• Ширафидин Мамаев – экскаватор машинисті

• Владимир Рожок – депо бастығы


Бұл марапат кеншілердің қажырлы еңбегіне берілген жоғары бағаның көрінісі болды.

Бүгін, сонымен қатар, «Восточный» кенішінің 40 жылдығы аталып өтілді! Кеніш ұжымын мерейтойларымен құттықтап, зор табыс, еңбекте өрлеу және жаңа жетістіктер тілейміз.


Жаңалықтар тізіміне оралу