Мектепке дайынбыз

29.08.2025

Бүгін, 29 тамыз, жаңа оқу жылы қарсаңында «Богатырь Көмір» ЖШС маңызды қайырымдылық акциясының орталығына айналды. «Amanat» партиясы Екібастұз қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мариям Мәлікова «Мектепке жол» акциясы аясында сыйлықтарды компания қызметкерлерінің балаларына табыстауға арнайы келді.


Бұл бастама көпбалалы отбасыларды қолдауға бағытталған. Іс-шара барысында 31 бала мектепке қажетті құрал-жабдықтар жиынтығын алды, бұл оларға сабаққа табысты дайындалуға көмектеседі. Акцияның басты мақсаты – тек сыйлықтар беру ғана емес, сонымен қатар балалардың білімге деген құштарлығының өте маңызды екенін көрсетіп, оларға қуаныш пен сенім сыйлау.

Бұрғылау-жару учаскесінің тау-кен шебері Асқар Ибраев – бес баланың әкесі, соның үшеуі орта мектепте оқиды. Ал кенже қызы Сафия биыл даярлық тобына бармақшы. Сондықтан жаңа оқу жылына қажетті кеңсе тауарлары оны ерекше қуантты.

1-сыныпқа қадам басқалы отырған Айғаным да сыйлыққа дән риза. Оның әкесі Қайырбек Күшіктаев – дренажды шахтаның оқпаншысы. Бұл отбасында да бес бала тәрбиеленуде.

ТКБ-нің көлік жүргізушісі Асқар Шерімбетовтің төрт баласы мектепке барады, тағы бір кішкентайы аяғын енді басып жүрсе, кенжесіне небәрі екі ай ғана толды.

Бұл іс-шара барлық қатысушылар үшін нағыз мерекеге айналып, балаларға да, олардың ата-аналарына да шын жүректен қуаныш пен жылылық сыйлады.


Жаңалықтар тізіміне оралу