Автобаза мақтаныштары
28.08.2025
Шахтер күніне арналған салтанатты жиын бүгін Автобазада өтті.
Құрылымдық бөлімшенің еңбек ұжымын «Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры Қайрат Рғайбек, «Богатырь» кеніші мен Автобазаның басшылары Александр Титов пен Арман Тугаев, сондай-ақ кәсіподақ өкілдері құттықтады.
Мерекелік жиын барысында автобаза қызметінде көзге түскен мамандар І және ІІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісімен, ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» белгісімен, сондай-ақ «Богатырь Көмір» ЖШС-нің Құрмет грамотасымен марапатталды. Ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек еткен қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі бас ревизор Дулат Искаков «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Салтанатты шара көңілді концерттік нөмірлермен әрленіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.