Кеншілерге бақ қонды

27.08.2025

Шахтер күніне арналған мерекелік ұтыс ойыны тағы да мыңдаған көрерменді экран алдына жинады! «Богатырь Көмір» компаниясының YouTube-арнасы мен @Bogatyrfm Instagram-парақшасындағы тікелей эфирге қызметкерлер мен олардың отбасылары қосылып, әрбір қатысушының есімі кездейсоқ сандар генераторы арқылы аталған сәтті тағатсыздана күтті.

Мерекелік көңіл-күйді «Богатырь Көмір» біріккен жастар қозғалысы өкілдерінің әсем әндері мен құрылымдық бөлімше басшыларының жүрекжарды құттықтаулары еселей түсті. Осылайша онлайн-шара шын мәнінде интербелсенді мерекеге айналды.

Тікелей эфирдің техникалық сапасына Энергиямен жабдықтау дирекциясының реттеу және сынақ жөніндегі жетекші инженері Николай Эстерле жауапты болды. Ал көрермендерге қуаныш пен шаттық сыйлаған жарқын жүргізушілер – Әнел Кәріпбекова мен Автобазаның автокөлік жөндеу жөніндегі слесарі Николай Киселёв . Олардың жігері мен харизмасының арқасында эфир жеңіл де серпінді өтіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Бұл әсерлі трансляцияның жазбасы бүгінде «Богатырь Көмір» YouTube-арнасында қолжетімді. Кез келген уақытта қайта тамашалап, мерекелік ахуалды тағы да сезіне аласыз!


Жаңалықтар тізіміне оралу