Іскерлік кездесу
27.08.2025
Бүгін, Екібастұз қаласындағы «Богатырь Көмір» ЖШС-не жапондық Komatsu LTD, Mitsui & Co.LTD және «Көмек Машинери» ЖШС өкілдері ат басын тіреді. Делегацияға Komatsu LTD директорлар кеңесінің төрағасы Хироюки Огава жетекшілік етті.
Келіссөздер барысында тараптар заманауи тау-кен техникасын жеткізу саласындағы ықтимал ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Әсіресе Қазақстандағы ең ірі көмір өндіруші кәсіпорын – «Богатырь Көмір» ЖШС-мен өзара іс-қимыл орнату мүмкіндіктеріне ерекше мән берілді.
Хироюки Огава Komatsu LTD компаниясының серіктестікті дамытуға айрықша мүдделі және «Богатырь Көмір» ЖШС-мен бірлескен жобаларды іске асыруға әзір екенін жеткізді.
Өз кезегінде «Самұрық-Энерго» АҚ даму жөніндегі тең басқарушы директоры Азамат Тақабаев пен «Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры Қайрат Рғайбек стратегиялық ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығына тоқталды. Олар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұған дейінгі мәлімдемесіне сәйкес, Жапония Қазақстан үшін Азиядағы сенімді әрі жақын серіктес екенін ерекше атап көрсетті.
Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы диалог аясында өтіп, тараптар ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендіктерін растады.