Кенші еңбегінің даңқы арта берсін!

27.08.2025

Бүгін, Шахтер күні қарсаңында, «Богатырь» кеніші мен Энергиямен жабдықтау дирекциясының еңбек ұжымдарында үздік қызметкерлер мен «Мамандығы бойынша үздік» кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Еңбектегі адалдығы мен кәсіби жетістіктері үшін оларға түрлі деңгейдегі Құрмет грамоталары, Алғыс хаттар, сондай-ақ «Шахтер даңқы» мен «Еңбек даңқы» белгілері және тиісті ақшалай сыйлықақылар табыс етілді.

Қызметкерлерін құттықтауға құрылым басшылары мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдері шығып, жылы лебіздерін білдірді. Олар еңбеккерлердің кәсіпорынды дамытуға қосқан зор үлесін ерекше атап өтіп, мамандыққа деген адалдығы мен табандылығы үшін шынайы алғыс айтты.

«Богатырь Көмір» ЖШС бас директорының кеңесшісі Серік Саттаров пен бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Сергей Усик кеніш жұмыскерлерін құттықтап, еңбектің қадір-қасиеті туралы жүрекжарды тілектерін жеткізді.

Тамаша көңіл-күй, шығармашылық нөмірлер және ыстық ықыласқа толы алғыс сөздер марапат иелері мен олардың әріптестері үшін бұл күнді шын мәнінде есте қаларлық мерекеге айналдырды.


Жаңалықтар тізіміне оралу