Мектепке жол
25.08.2025
Жаңа оқу жылы қарсаңында «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлердің отбасыларына дәстүрлі түрде қолдау көрсетті.
Биылғы жылы көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ Компанияның корпоративтік қорында есепте тұрған мүгедек балаларға арналған кеңсе керек-жарақтары бар 100 портфель дайындалды.
Әсіресе әріптестеріміздің отбасы тарихы әсерлі болды.
Аршу және үйінді жұмыстары учаскесінің экскаватор машинисті Андрей Корниец – жеті баланың әкесі. Биыл оның қызы София алғаш рет мектеп партасына отырады. Маңызды оқиғаның құрметіне компания қызына қажетті оқу құралдары бар рюкзак табыстады.
№3 Жол учаскесінің жол жөндеушісі Мақсұт Мундуинов төрт баланы тәрбиелеп отыр. Оның кіші қызы Инара да бірінші сыныпқа барады. Әкесімен бірге ол сыйлық алды және «өте жақсы» оқуға уәде берді.
Балаларға арналған бұл жай ғана мектеп жинақтары емес - бұл көңіл бөлумен қолдаудың белгісі. Ал ата-аналар үшін -компания өз қызметкерлері мен олардың отбасыларын бағалайтынына және оларға қамқорлық жасайтынына сенімділік.
Біз балалардың алдында көптеген жарқын жеңістер болады деп сенеміз, ал алғашқы мектеп қоңырауы білім мен қызықты жаңалықтар әлеміне бақытты және табысты жолдың бастауы болады.