Мереке қарсаңында

25.08.2025

Біздің компания кәсіби мерекені тойлауды жалғастыруда. Кеншілер күні қарсаңында «Богатырь Көмір» ЖШС бас кеңсесінің ғимаратында қызметкерлерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Бұл күні кәсіпорынның жетістігі мен кеншілер дәстүрін еңбегімен нығайтып жүргендерге алғыс сөздер айтылды.
Серіктестіктің бас директоры жиналғандарды Кеншілер күнімен құттықтап, жемісті еңбектері үшін алғыс айтып, медальдар мен Құрмет грамоталарымен марапаттау арқылы сіңірген еңбектерін атап өтті.
"АМАНАТ" партиясының Екібастұз қалалық филиалының жауапты хатшысы, қалалық мәслихаттың депутаты Мариям Маликова «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етті. Мәриям Дәулетбекқызы компанияның өңір өміріне қатысуының және әлеуметтік саладағы жағдайды жақсартуға бағытталған өзара әрекеттің маңыздылығын атап өтті.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!


Жаңалықтар тізіміне оралу