Басты мереке
23.08.2025
23 тамызда Екібастұз қаласы «Өнер» ҚМС алаңында Шахтер күнін ерекше атап өтті! Осы айтулы мерекені бізбен бөлісуге басқа қалалардан да қонақтар келді.
Талантты кеншілеріміз кештің көрігін қыздыру ретінде кеншілер туралы жаңа әндерді орындады. «Богатырь Көмір» ЖШС өнерпаздары мерекелік концертке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, көрермендердің көңілін көтерді.
Көмір саласының қызметкерлерін облыс әкімі Асайн Байханов құттықтады. Ол компаниямыздың қызметкерлеріне марапаттар табыс етті. Аймақ басшысының Құрмет грамотасымен Нұрғали Ғалямов, Болат Мусин, Владимир Колосов, Алмас Берденгоров марапатталды. Владислав Храмцов пен Жанна Исмағанбетова облыс әкімінің Алғыс хатымен атап өтілді.
Мерекелік бағдарламаны қазақ эстрадасының жұлдыздары: сұлу Диана Исмаил, сезімтал Мирас Жүгінісов, от жалынды Ұланғасыр Қами және жас ұрпақтың сүйіктісі Bakr жалғастырды. Концерттің хедлайнері канадалық рэпер К-Маро болды. Көрермендер әртістерді түрлі тілдегі әндерге қосыла шырқап, қошеметпен қарсы алды.
Кеш соңы қала үстінде түрлі-түсті отшашумен аяқталды.
Біздің компания қала тұрғындарына жарқын әсерлер мен жағымды әсерлер сыйлай отырып, осы ұмытылмас мерекенің бас демеушісі болды.
Ал біз кәсіби мерекемізді тойлауды жалғастырамыз - алда әлі жарқын оқиғаларға толы апта бар! Біздің қызықты жаңалықтарымызды әлеуметтік желілерден қарап отырыңыз, қапы қалмаңыз. Көптеген қызықты нәрселер болады.
Мереке құтты болсын! Кеншілер күні құтты болсын!























