Өндіріс тиімділігін арттыру
22.08.2025
18-22 тамыз аралығында «Богатырь Көмір» ЖШС-де «Өндірістік жүйенің негіздері» (базалық деңгей) бағдарламасы бойынша оқыту курсы өтті. Оқуға кәсіпорынның 10 жас маманы қатысты. Олардың қатарында желілік басшылар (шебер, учаске бастығы, учаске бастығының орынбасары) және болашақта осы лауазымдарға тағайындалуы жоспарланған мамандар бар.
Оқу аясында бір күндік теориялық және төрт күндік практикалық сабақтар қарастырылған. Практикалық сабақтар өндірістік алаңдарда – Дөңгелек жұптарын жөндеу бөлімшесі (ТЖЖЖД, ВЖЦ) және электр жөндеу учаскесінің 6-шы аралығында (ТКЖЖ зауыты) өтті. Онда қатысушылар үдерістерге бағалау жүргізіп, «кедергілерді» анықтады және оларды оңтайландыру бойынша нақты іс-шаралар әзірледі.
Жұмыстарының қорытындысын әр топ бүгін, 22 тамыз күні өндірістік алаңдарда таныстырды. Комиссия құрамында құрылымдық бөлімше басшылары, Өндірістік жүйені дамыту жөніндегі директор болса, сондай-ақ бүгін оның жұмысына «Богатырь Көмір» ЖШС-нің бас директоры Қайрат Рғайбек қатысты.
«Жас әрі болашағы зор қызметкерлерге өз-өзін дамытуға мүмкіндік беру қажет», - деп атап өтті компания басшысы.
Бағдарламаның негізгі қатысушылары жас мамандар болды. Бұл қадамның саналы түрде жасалғанын жөндеу жөніндегі директоры (бас механик) Николай Костюченко түсіндірді: «Біз әдейі жастарды тартамыз, өйткені болашақ – олардың қолында. 15–20 жылдан бері еңбек етіп жүргендер тәжірибесі мол мамандар. Ал жастар бүгін үйреніп, ертең компанияның дамуына жауапкершілікті өз мойнына алуы тиіс», – деді ол.
Ұсынылған жобалар жөндеу мерзімін қысқартуға, жабдықтардың жұмыс тиімділігін арттыруға және нәтижесінде кәсіпорынның өнімділігі мен табысын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қатысушылардың ұсыныстары қарастырылып, құрылымдық бөлімшелерге енгізілетін болады.
Жас мамандар тек білім алып қана қоймай, өндірістік үдерістерді жетілдіруге нақты үлес қоса алатынын көрсетті. Ал Компания басшылығы тарапынан көрсетілген қолдау олардың әрі қарайғы өсуі мен жаңа идеяларына зор серпін болды.