Кәсібилік үшін марапат

22.08.2025

Бүгін, 22 тамыз күні, «Богатырь Көмір» ЖШС Технологиялық көлік басқармасында салтанатты жиын өтіп, үздік қызметкерлердің еңбегі лайықты бағаланды.

Шараға қатысқан «Богатырь Көмір» ЖШС-нің бас директоры Қайрат Рғайбек ұжымды кәсіби мерекемен құттықтап, қауіпсіз еңбек, амандық пен мықты денсаулық тіледі. Сонымен қатар ол еңбегімен көзге түскен кеншілердің кеудесіне лайықты марапаттарын тақты.

Басқарма директоры Асылбек Нұрғалиев осы күні «Богатырь Көмір» ЖШС-нің Құрмет грамоталарын үздік 10 қызметкерге салтанатты түрде табыс етті.

Бұған қоса, 30 шілдеде Шахтер күніне орай өткен «Мамандығы бойынша үздік» байқауының жеңімпаздары да өздерінің тиісті марапаттарын алды.

Шара барысында әсем әндер шырқалып, мерекелік көңіл-күй ерекше көтерілді.

Бұл күн – Жұмысшы мамандығына деген құрметтің, қажырлы еңбектің бағалануының жарқын көрінісі болды!


Жаңалықтар тізіміне оралу