Мамандығым – мақтанышым
21.08.2025
Шахтер күні қарсаңында Тау-кен-көлік жабдықтарын жөндеу зауытының токарьлары арасында «Мамандығы бойынша үздік» байқауы ұйымдастырылды. Биылғы додада бес қатысушы өз шеберліктерін ортаға салды.
Сайыс екі кезеңнен тұрды. Алғашқы бөлімде үміткерлердің теориялық білімі сыналса, екінші кезеңде белгілі бір бөлшекті білдек арқылы жонып, дайын өнім шығару тапсырылды. Бұл сында білдекте жұмыс істеу тәртібі мен еңбек қауіпсіздігі талаптарын мүлтіксіз орындау басты назарға алынды. Сонымен қатар сызбаны сауатты оқи білу дағдысына да айрықша мән берілді.
Қатысушылар дайындаған бөлшектер миллиметрлік дәлдікпен өлшеніп, қазылар алқасының әділ бағасына ие болды. Сол шешім бойынша жүлдегерлердің есімдері анықталды.
1 орын – Павел Власов
2 орын – Қуаныш Клектесов
3 орын – Әділбек Асылбеков
Жүлдегерлерді құттықтаймыз! Сіздер токарь мамандығының шығармашылықты да, жоғары дәлдікті де қажет ететінін айқын көрсетіп, өздеріңізді өз ісінің нағыз шебері екендеріңізді дәлелдедіңіздер.