Абай мұрасы мәңгілік
20.08.2025
10 тамыз – Абай күні. Осыған орай, «Богатырь Көмір» ЖШС ұлы ақынның 180 жылдығына арнап Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу және әндерін орындаудан бейнебайқау ұйымдастырды.
Шараға кәсіпорын қызметкерлері белсене қатысып, өз өнерлерін бейнеролик арқылы ұсынды. Барлық бейнероликтер компанияның әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жарияланып, көрермендердің ықыласына бөленді.
20 тамыз күні өнер додасының қорытындысы шығарылып, үздіктер марапатталды. Салтанатты рәсімді бас директордың инвестициялар, даму және IT-GR жөніндегі орынбасары Дәурен Асылханов жүргізіп, қатысушыларды лайықты орындарымен марапаттады.
Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу бойынша жүлдегерлер:
2 орын – Сергей Авраменко («Богатырь» кеніші) және Юлия Власенко (БЖКБ)
1 орын – Әсел Ахметова (БЖКБ), Айгерім Абденова (БЖКБ) және Валентина Венерцева (Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі)
Бас жүлде – Надежда Шакенова (Ақпараттық технологиялар бөлімі) және Алёна Кавун (ЭЖД)
Абай әндерін орындау бойынша жүлдегерлер:
1 орын – Айжарық Хуанған (ТКЖЖ зауыты)
Бас жүлде – Жәнібек Молдабай («Богатырь» кеніші)
Бұл байқау – ұлы Абайдың мұрасын ұлықтап қана қоймай, әріптестеріміздің өнерін дәріптеген тағылымды шара болды. Жұмыс орнындағы кәсіби шеберлікпен қатар, шығармашылық қабілеттерін көрсеткен әр қызметкер ұжымымыздың рухани әлеуетін арттырды.