Богатырлық мықтылар жарысы
16.08.2025
«Богатырь Көмір» алыптары гір көтеру спортынан күш пен төзімділіктерін сынады
Бүгін, 16 тамыз күні, Шахтер күні қарсаңында компанияның спорттық-сауықтыру кешенінде гір көтеру спортынан жарыс өтті.
Бұл сайысқа БЖКБ, ТКБ, ТЖЖЖД, Автобаза және КҚД құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Кеншілер үш салмақ дәрежесіне бөлініп, мықтыларын анықтады: 70 кг-ға дейін, 85 кг-ға дейін және 100 кг-ға дейін. Барлық қатысушылар ауырлау снаряд – 24 келілік гірді таңдады.
Жарыстың абсолюттік рекордын Қанат Қалимханов орнатты – ол гірді 87 рет көтерді.
«Мен бұл жарысқа жыл сайын қатысамын, өткізіп алмауға тырысамын. Бұл - менің ең үздік нәтижем, жеке рекордым. Мұнда, ССК-де әкем Қаныбек Масақбаевпен бірге жаттығамын. Ол - әлем чемпионы, - деді Қанат.
Жарыс қорытындысы:
70 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде:
1 орын – Қанат Қалиханов (КҚД)
2 орын – Бейбіт Қаратаев (ТКБ)
3 орын – Абылай Жакупов (Дренаж шахтасы)
85 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде:
1 орын – Қаныбек Масақбаев (Автобаза)
2 орын – Серікжан Байсолтанов (БЖКБ)
3 орын – Дамир Смаилов (Автобаза)
100 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде:
1 орын – Айдар Капезов (ТКБ)
2 орын – Юрий Воробьев (БЖКБ)
3 орын – Дмитрий Корепанов (ТЖЖЖД, ВЖЦ)
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!