Ардегер дзюдошылар
13.08.2025
«Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлері компанияның намысын Орал қаласында өткен ардагерлер арасындағы дзюдодан Қазақстан чемпионатында лайықты түрде қорғады.
Кран машинисті Теңдік Сильев спорттағы ірі жетістіктерімен де қуанта білді. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде және 60–64 жас санатында өнер көрсетіп, қарсыластарын сенімді түрде жеңіп шықты. Финалда сегіз дүркін әлем чемпионымен кездесіп, оған жол беріп, нәтижесінде күміс медаль жеңіп алды.
Теңдік Сильевтің спорттық жетістіктері де аз емес: ол – спорт шебері, Қазақстан чемпионатының жеңімпазы, Әбу-Дабиде өткен әлем чемпионатының бесінші орын иегері, Оңтүстік Кореяда өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері, сондай-ақ Тайваньдағы Дүниежүзілік ойындарда екінші орынға қол жеткізген спортшы.
ТКЖЖ зауытының тау-кен жабдықтарын жөндеуді технологиялық қамтамасыз ету қызметінің бас технологы Жанат Шегитаев 81 келі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Ол үшін бұл жетістік нағыз тосынсый болды - ол екінші орынды жоспарлады, бірақ финалда жеңіске жетті. Бір жарым жыл бұрын дзюдомен айналысуды қайта бастаған Жанат спорт ардагерлерімен аптасына екі рет жаттығып жүр. Бұған дейін ол самбодан Қазақстан чемпионатында 3-орынды және Ташкенттегі Азия чемпионатында 2-орынды иеленген.
Екі спортшы да осы сапарды ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін өз кәсіподақтарына алғыс айтады. Енді олар 3 қарашада Францияда өтетін ардагерлер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр және белсенді дайындықты бастады.
Біз өз үлгісімен рухтың күші, табандылық және спортқа деген сүйіспеншілік шыңға жетелейтінін дәлелдейтін әріптестерімізді мақтан тұтамыз! Жеңістеріңмен құттықтаймыз!