Жастар форумы

12.08.2025

11 және 12 тамызда Павлодар облысында Халықаралық Жастар күніне арналған республикалық жастар форумы өтуде,  оған біздің басшылық пен болашағынан зор үміт күттіретін жас қызметкерлері  бар  компанияның өкілдері қатысты.

Бүгін форум аясында еңбекші жастардың Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаевпен кездесуі өтті, оның барысында жас өндіріс мамандары оған қызықтырған сұрақтарын қойды.

Жақында Павлодар жағалауында  біздің кеншілер қатысатын өнеркәсіп кәсіпорындарының көрмесі басталады. Жастар өздерімен бірге көмір үлгілерін, минералдарды, техника, жабдықтар макеттерін, ақпараттық материалдарды, сонымен қатар «Богатырь Көмір» ЖШС қызметі туралы және біз мақтан тұтатын және бүкіл әлемге әйгілі болған барлық  дүниелер туралы фотосуреттер мен бейнероликтер алып келді. Осылайша көмір өндіру үдерісінің қаншалықты күрделі және қызықты екенін мүмкіндігінше көп адамдар білетін болады. Көрмеге келушілер  өздерін нағыз кенші сияқты сезіну үшін біздің жұмыс киімімізді киіп көре алады.

Көрмеде   Қазақстандық электролиз зауыты, Қазақстан алюминийі, Павлодар мұнай-химия зауыты, мұнай-химия LTD және Troya компаниясы да  өз экспонаттарын ұсынды.

Ал кешке облысымыздың ірі кәсіпорындарының дарынды жастары  «Жастар FEST» фестивалінде жұмысшы мамандықтар жылының аясында жиналғандарды рухтандыратын болады, сахна, жарық, музыка, би және мыңдаған жүректердің ерекше энергиясы көрініс табады!


Жаңалықтар тізіміне оралу