«Самұрық-Қазына» АҚ-ның X Спартакиадасы

08.08.2025

Бүгін, 8 тамызда, Астана қаласында еліміздің ең ірі компанияларының мықты өкілдерін бір аренаға жинаған ауқымды спорттық шара – «Самұрық-Қазына» АҚ-ның X Спартакиадасы басталды.

«Самұрық-Энерго» АҚ құрама командасының сапында іріктеу кезеңінде өздерін үздік қырынан танытқан «Богатырь Көмір» ЖШС-де еңбек ететін әріптестеріміз де бар.
Енді ең жағымды жаңалықтардан бастайық:
Еркен Құрманбаев – шахматтан 1-орын, алтын жеңіс!
 Камила Ердякова – үстел теннисінен сенімді түрде финалға шықты.
 Әйелдер волейбол құрамасы ширек финалға өтті. Ойын ертең, 9 тамызда өтеді. Жеңіске жетсе – финалға шығып, 1-орын үшін бақ сынайды.
Команда сапында өнер көрсетіп жатқан «Богатырь Көмір» ЖШС-нің ару спортшылары:

- Инесса Суханова
- Екатерина Ережепова
- Сандина Оздоева
- Людмила Починок
- Татьяна Сигнеева
- Елена Ворошилова
- Ирина Трухина
- Мадина Ахметова
- Аяулым Махмет

Алексей Сазонов – армрестлингтен 5-орынға тұрақтады.
Константин Сенич – үстел теннисінде жақсы дайындықпен лайықты ойын көрсетті. Алайда,

өкінішке қарай, қарсыластарына аздап есе беріп, жарыстан шығып қалды.
Алда әлі талай ойын, толқулы сәттер мен жарқын жеңістер бар!
Сіздерге жанкүйерміз – жаңа жетістіктерді асыға күтеміз!


Жаңалықтар тізіміне оралу