Еуродан жеңіспен!
16.09.2016
Бұрынғы «Екібастұз» футбол клубының ойыншысы, біздің жерлесіміз Мұрат Ахметшарипов әуесқой құрама командалардың арасында шағын-футбол бойынша Еуропа чемпионатының жеңімпазы атағымен және алтын медальмен оралды.
Бүгінгі күні Мұрат күнделікті жұмысты футболмен қосарлай отырып «Богатыр Көмір» серіктестігінің Богатырь ЖКБ «Ударная» ЖҚД «ПЭ 2М» тартқыш агрегатында машинист болып істейді. Жергілікті футбол мектебінің тәрбиеленушісі кеше ғана премьер-лига мен Қазақстан біріншілігінің алғашқы лигасына қатыса отырып қалалық команданың намысын қорғады сосын әуесқой спортқа ауысты. Бірақ та ол кәсіби ойыншының мансабын аяқтаса да футбол ойнауды жалғастыруда. Мұрат ақырғы үш жылда құрылтайшысы «Есіл» сауда үйі болып табылатын астаналық команда үшін ойнап жүр. Аталмыш команданың негізін екібастұздық балалар құрайды. Өткен маусымда олардың клубы өздерінің қысқа тарихында бірінші болып әуесқой командалардың арасында шағын-футбол бойынша Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды, әрі Секешхеферваре венгер қаласында биылғы жылдың 23-нен 28 тамыз аралығында өткен құрлықтық турнирде еліміздің атынан қатысу құқығына ие болды. Астаналық команданың бастамасы нағыз жеңіске жетті. Бұған дейін қазақстандық командалардың ең үлкен жетістіктері 1/4 чемпионатына шығу ғана болатын. Бұл ойындағы олардың жеңісі таң қаларлық оқиға болды. Өз топтарынан шыға келе бас жарысқа баратын жолда Венгрия, Германия, Чехия құрамаларының қарсыластарын жеңе отырып біздің команда финалда Хорватияның құрамасымен кездесті. Біздің қарсыластың мәртебесі туралы деректердің өзінен білуге болады, себебі балкандық команда еуропалық жарыстарда үш мәрте финалға шыққан. Шыны керек бірде-бір рет жеңіске жетпеген. Ойынның негізгі уақытында жеңімпазды анықтамастан (жарыс «2:2» есебімен аяқталды) команда жарыстан кейінгі пенальти сериясына көшті. Осы кезде сәттілік қазақстандықтар жағында болды, қарсыластарын «6:5» есебімен жеңе отырып біздікілер құрлықтың ең мықты құрамасы атағын алды. Айтпақшы хорваттарды жеңуде біздің жерлесіміз Мұрат Ахметшариповтың еңбегі зор еді, матч барысында екі рет есептегі тепе-теңдікті қалпына келтіре білді.
- Сол сәтте біздің бастан кешкен сезімдерімізді ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес, - деп Мұрат өз эмоцияларымен бөліседі - Әсіресе турнир қожайындары – венгрлермен болған ойын есте қалды. Көптеген жергілікті жанкүйерлердің қолдауына қарамастан біз оларды 5:1 есебімен жеңіп кеттік.
Отанына оралған Еуро триумфаторларына Астанада лайықты құрмет көрсетілді. Жеткен жетістігі үшін біздің жерлесіміз Мұрат Ахметшариповқа Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын берілді.
Біздің жерлесіміз қатысып жүрген «Есіл» командасының марапаттар коллекциясын Қазақстан чемпионатының күміс медальдары толықтырды. Алда Мұратты және оның клубтастарын күрделі турнир – Эстонияда өтетін әлем чемпионаты күтіп тұр. Бұнда қазақстандықтар Еуропаның атынан шығады. Әлемдік біріншіліктегі бастама оларға сәттілік әкеледі деп сенеміз.
Қанат АЛДАБАЕВ.