Көлік жүргізушілер бәйгесі

08.08.2025

Бүгін, 8 тамызда, Шахтер күні қарсаңында Автобазада жеңіл, жүк және жолаушылар көлігінің үздік жүргізушілері таңдалған «Мамандығы бойынша үздік» байқауы өтті.

Байқауға барлығы 32 адам қатысты. Алайда, теориялық кезең іріктеу туры ретінде болды, содан кейін қатысушылардың бір бөлігі жарыс жолынан шығып қалды.

Байқаудың практикалық кезеңіне 17 адам қатысты. Биыл барлық үш көлік құралының жүргізушілері бірдей тапсырмалармен бір трассадан өтуі тиіс болды: «жыланша қозғалыс», бұрылыстар, кері қозғалыстар, тоқтау белгісі. Қатысушылардың көпшілігі сигнал бермей, кері қозғалыс кезінде қателік жіберді.

Айта кету керек, ПАЗ және КАМАЗ жүргізушілері көліктің үлкен көлеміне және маневрлік қабілетінің төмендігіне қарамастан, УАЗ жүргізушілеріне қарағанда сәл жақсырақ өнер көрсетті. Бәлкім, УАЗиктер трассадан бірінші өткеннен болар, ал қалғандарында  қозғалыс траекториясын мұқият есте сақтауға және ойлауға уақыт болды.

Биыл алғаш рет байқауға Автобаза ардагерлері шақырылды. Олар осы қызықты жарыстарға қатысуға мүмкіндік бергендері үшін алғыс айтып, барлығын келе жатқан мерекелерімен құттықтап, қатысушыларға жылы лебіздерін білдірді.

Байқаудағы орындар келесідей бөлінді:

Жеңіл көлік жүргізушілері:

3 орын — Денис Бейсембаев

2 орын — Аязат Нұрғалиев

1 орын — Азат Шалбаев

 Жолаушылар көлігі жүргізушілері:

3 орын — Ержан Тапалов

2 орын — Виктор Бишлер

1 орын — Аманжол Ермекпаев

Жүк көлігі жүргізушілері:

3 орын — Төлеген Сабиев

2 орын — Әбділахит Әбдуәлиев

1 орын — Айдар Атажанов


Жаңалықтар тізіміне оралу