Краншылар сынағы
06.08.2025
6 тамыз күні Теміржол жабдықтарын жөндеу дирекциясында көпірлік кран машинистері арасында «Мамандығы бойынша үздік» кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.
Байқауға барлығы 6 машинист қатысты:
Надежда Иванова – рельсті-шпалды торлар цехы;
Татьяна Слесарева – жылжымалы құрам жөндеу цехы;
Гулчехра Кенжибаева, Наталья Акст – вагон жөндеу цехы;
Елена Азарова, Оксана Крупенина – №2 жылжымалы құрам депосы.
Сайыс екі кезеңнен тұрды. Алғашқы теориялық бөлімде қатысушыларға 35 минут ішінде 30 тест сұрағына жауап беру ұсынылды. Бұл кезеңде жауаптардың дұрыстығы мен тапсырманы орындау жылдамдығы есепке алынды.
Практикалық кезең 16 тонна жүк көтеретін көпірлік кранда өткізілді. Қатысушылар жеребе арқылы анықталған тәртіппен, нақты нұсқаулыққа сай жүкті белгілі бір биіктікке көтеріп, бұрылысы бар дәлізден өткізіп, ирелең траекториямен таяқшалар арасынан алып өтуі тиіс болды. Қазылар алқасы тапсырманың орындалу сапасы мен оған кеткен уақытты бағалады.
Нәтижесінде байқау жүлдегерлері төмендегідей анықталды:
І орын – Татьяна Слесарева;
ІІ орын – Гулчехра Кенжибаева;
ІІІ орын – Елена Азарова.
Сонымен қатар, басқа қатысушылар өздеріне тиесілі марапаттарын алды.
«Бірінші болып шыққаннан кейін қобалжу болды. Дегенмен дайындықтың арқасында өзіме сенімді болдым. Әріптестерімнің ішінде практикалық кезеңде әсіресе Гүлчехра өте жақсы нәтиже көрсетті. Өзім бұл байқауға дайындалдым!», – деді байқау жеңімпазы Татьяна Слесарева.
Мұндай кәсіби байқаулар қызметкерлердің біліктілігін арттырып қана қоймай, өз ісіне деген жауапкершілікті, ұқыптылықты және команда ішіндегі ынтымақтастықты нығайта түсетіні сөзсіз.