Волейболшылар бәсекесі
03.08.2025
Тамыздың соңғы жексенбісінде аталып өтілетін Шахтер күніне арналған спорттық жарыстар басталып кетті. Бүгін, 3 тамыз күні, спорттық-сауықтыру кешенінде волейболшылар бақ сынасты.
Ақтық ойын Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасы (БЖКБ) мен Технологиялық көлік басқармасы (ТКБ) командалары арасында өтті.
Бұл екі команданың сапында «Богатырь Көмір» ЖШС құрама командасының ойыншылары бар. Сондықтан шешуші кездесу өте тартысты өтті. Әр партияның басын ТКБ жақсы бастап, 5–6 ұпай айырмасымен алға шыққанымен, теміржолшылар қарқынын үдетіп, қарсыластарын қуып жетіп қана қоймай, жалпы ойында 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Қорытындысында:
1-орын – Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасы,
2-орын – Технологиялық көлік басқармасы,
3-орын – Вагон жөндеу цехы.
Жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Ал 16 тамыз күні гір көтеруден жарыс өтеді. Сондықтан бұл спорт түрін жанына серік еткен жандарды аталған жарысқа қатысуға шақырамыз!