Ынтымақтастық жолында

30.07.2025

«Богатырь Көмір» ЖШС-де резеңке конвейер таспаларын, роликтер мен жиынтықтаушылар өндіруге маманданған ирандық компания өкілдерімен кездесу өтті.

Қонақтар өз өнімдері – әртүрлі өлшемдер мен сипаттамаларға ие конвейер таспаларын, сондай-ақ тасымалдау жүйелеріне арналған роликтерді таныстырды. Ерекше қызығушылық тудырған ұсыныстардың бірі – өнімді тәжірибелік-өндірістік сынақтан өткізу бастамасы болды. Ирандықтар төрт айға дейінгі мерзімге өз өнімдерін сынаққа ұсынуға дайын екенін, ол оң нәтиже берген жағдайда ғана өнімді сатып алу мүмкіндігін қарастыратынын жеткізді.

Кездесу барысында шетелдік делегация кәсіпорынның негізгі технологиялық жабдықтарымен, соның ішінде роторлы экскаваторлармен және циклдік-толассыз технология кешенімен танысты.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар өзара алдағы ынтымақтастық бағыттарын қарастыруға уағдаласты.


Жаңалықтар тізіміне оралу