Экскаватордың үздік машинистері
28.07.2025
16-22 шілде күндері аралығында «Богатырь» кенішінің роторлы, шөмішті және адымдағыш экскаваторлары машинистерінің арасында «Мамандығы бойынша үздік» сайыстары өткізілгені белгілі.
Машинистер онда 20 сұрақ бойынша тест тапсырып, тағы екі практикалық тапсырмалар орындаған болатын. Бүгінгі таңда комиссия өз шешімін шығарды, яғни жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімі де белгілі болды.
«Мамандығы бойынша үздік» сайысының ережесі бойынша барлық жеңімпаздар, жүлдегерлер және қатысушыларға ақшалай сыйлықақылар берілетін болады. Құттықтаймыз!