Зергерлік тіркеу

25.07.2025

Бүгін  «Ударная»  ЖҚД ПЭ2 машинистерінің алтауы «Мамандығы бойынша үздік – 2025» атағы үшін бақ сынасты.

Олардың қатарында Владимир Бочкарев, Артем Чепель, Аблайхан Реджепов, Қуаныш Жақыпбаев, Дәурен Ұныбаев, Олег Ахмедов болды. Биылғы қатысушылар арасында өткен жылы жүлделі орын алғандар да бар.

Еңбекті қорғау бойынша 50 тест сұрағына алты машинистің үшеуі үш минут ішінде жауап берді. Теориялық кезең нәтижелері комиссияны дұрыс жауаптардың көптігімен қуантты.

Практикалық тапсырмада теміржолшыларға автотіркеуіште орнатылған ернеуіне дейін құйылған стақандағы суды төкпей, құраммен автотіркеуіш жасау қажет болды.

Қуаныш Жақыпбаев тіркеуішті дыбыссыз әрі өте бірқалыпты орындап, судың бір тамшысын да төккен жоқ. Нағыз зергерлік жұмыс! Сонымен қатар ол теориялық кезеңнен де үздік шықты. Қорытынды – 1 орын!

«Мен бұл байқауға екінші рет қатысып отырмын. Өткен жылы стақанды сындырып алған едім. Сол жағдай мен үшін үлкен сабақ болды. Бір жыл бойы тәжірибе жинақтадым, міне, нәтижесі», – деді Қуаныш.

Екінші орынды Олег Ахмедов иеленді. Үздік үштікті Артем Чепель түйіндеді.

БЖКБ директоры Ағыбай Покатаев жеңімпаз бір жолғы сыйлықтан бөлек, жыл бойы директор қоры есебінен үстеме ақы алып отыратынын хабарлады.

Кәсіподақтан комиссия мүшесі Виктор Слободенюк қатысушылар мен ұйымдастырушылардың жоғары дайындық деңгейін атап өтіп, БЖКБ қызметкерлерін келе жатқан Теміржолшылар күнімен және Шахтер күнімен құттықтады.


Жаңалықтар тізіміне оралу