Стақан орнында

23.07.2025

Бүгін, 23 шілдеде Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасында «Мамандығы бойынша үздік» байқауы өткізілді.

Оған «Степной» ЖҚД-нан ТЭМ2 тепловоз машинистері Евгений Юргенцон, Асыпбек Наурызбеков, Кирилл Рябов, Николай Савенко, Дмитрий Слепченко, Евгений Сизов; ал «Эксплуатация» ЖҚД-нан ОПЭ1 тартушы агрегаттарының машинистері Виталий Дорошенко, Азамат Медетов, Владислав Брандуков, Виталий Перегудов, Арман Серіков, Евгений Репников қатысты. 

Алдымен қатысушылар 50 тестілік сұраққа жауап беріп, өздерінің теориялық білімдерін нақтылады. Бұл кезеңде сұрақтарға мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде жауап бергендерге қосымша баллдар берілді.

Бұдан соң қатысушылар практикалық тапсырма орындады. Онда теміржол құрамдарын тіркеп, автотіркеудің үсітіне қойылған стақандағы суды мейлінше аз төгуге тырысты. Бұдан басқа қозғалар алдында, тоқтаған кездегі дыбыстық белгілердің орындалуы да бағаланды.

Қорытындысында тартушы агрегат машинистері арасында орындар келесідей бөлінді:

3 орын – Владислав Брандуков

2 орын – Перегудов Виталий

1 орын – Евгений Репников

«Кәсіпорында 14 жыл еңбек етемін, бұл байқауға аса дайындалған жоқпын, өз білгеніммен келдім, тәжірибеме сендім»-дегенді айтты жеңімпаз Репников.

Тепловоз машинистерінде орындарға ие болғандар мыналар:

3 орын – Евгений Юргенцон

2 орын – Евгений Сизов

1 орын – Дмитрий Слепченко

Дмитрий Слепченко «Богатырь Көмір» ЖШС-де 2,5 жылдай еңбек етуде және жүлдегерлер қатарынан көріну үшін дайындалғанын атап өтті: «Көңіл-күйім өте тамаша, тапсырмаларды орындау барысында аздап қобалжу болды, арнайы дайындалдым және жүлдегерлер қатарынан көрінемін деп ойлағаным рас».

Жүлдегерлер дипломдарға ие болса, жеңімпаздар оған қосу кубокты қанжығаларына басты.


Жаңалықтар тізіміне оралу