Шөмішпен дәлдік, ілмекпен ептілік
17.07.2025
Бүгін, 17 шілдеде, Шахтер күніне арналған «Мамандығы бойынша үздік – 2025» байқауы жалғасын тапты. Бұл жолы сайысқа адымдағыш экскаватор машинистері қатысты.
Кәсіби жарыс №1 аршу және үйінді жұмыстары учаскесінің №3715 ЭШ 13/50 экскаваторында өткізілді.
Байқауға:
- №1 аршу және үйінді жұмыстары учаскесінен машинистер Виталий Биленко мен Александр Кемский,
- №2 аршу және үйінді жұмыстары учаскесінен Төлеген Тайлақов,
- №3 аршу және үйінді жұмыстары учаскесінен Манат Абдукаримов, Александр Евсеев және Александр Оспанов қатысты.
Сайыс екі кезеңнен тұрды. Алдымен қатысушылар 20 тестілік сұраққа жауап беріп, теориялық білімдерін көрсетті. Кейін практикалық тапсырмаларға көшті.
Бірінші тапсырмада машинистер шөмішке орнатылған дөңгелек арқылы баскетбол добын себетке дәл түсіруі тиіс болды. Бұл жаттығуға бес мүмкіндік берілді. Ол үшін 10 минуттық уақыт тағайындалса. Әр қатысушы берілген уақыт пен мүмкіндікті барынша тиімді пайдалануға тырысты.
Соңғы тапсырмада экскаватор шөмішіне байланған ілмекпен суға толы шелекті көтеріп, оны темір төртбұрыштың ортасына дәл орналастыру талап етілді. Әсіресе, шелекті ілмекпен дәл іліп алу қатысушыларға оңайға соқпады – бұл ерекше ептілік пен шыдамдылықты қажет етсе, шелекті төртбұрыштың дәл ортасына қою – қатысушылардан байыптылық пен сабыр сақтауды талап етті. Бұл бөлікте шелекте қалған су мөлшері мен тапсырманы орындауға кеткен уақыт есепке алынды.
«Богатырь» кенішінің экскаватор машинистері арасында өткен байқау нәтижелері туралы жақын арада корпоративтік парақшамызда хабарлаймыз. Әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан және Bogatyr.kz сайтынан жаңалықтарымызды бақылап отырыңыздар!