Ротор айналды – сайыс басталды
16.07.2025
Бүгін, 16 шілдеде , «Богатырь Көмір» компаниясында ең әсерлі және қызықты байқау — «Мамандығы бойынша үздік – 2025» бастау алды. Ол роторлы экскаватор машинистерінің сайысымен ашылды. Байқау №1144 SRs(k) - 2000м экскаваторында өтті.
Сайысқа барлығы 12 адам қатысты. Олар: №1 өндіру жұмыстары учаскесінің №1143, №1144, №1145 SRs(k) - 2000м экскаватор бригадалары және №2 өндіру жұмыстары учаскесінің №1146 SRs(k) - 2000м экскаватор бригадасы.
Қатысушылар:
- ротор машинистері: Максим Рандей, Александр Змазнев, Евгений Тарнавский және Александр Гарифулин,
- тиеу машинистері: Владимир Казанцев, Вадим Рустамов, Әсет Жақсылықов және Нұрбек Үсенов,
- электр машинистері: Серік Оразалимов, Анатолий Маевский, Виктор Сахаров және Дмитрий Чечин.
Алдымен барлық қатысушыға бірдей теориялық тапсырма ұсынылды. Онда олар еңбек қауіпсіздігі бойынша 20 сұраққа дұрыс жауап берулері керек болды. Содан кейін барлығы өз кабиналарына тарасты, ең қызықты кезең – білгендерін іс жүзінде дәлелдеу басталды. Дайындық сигналы берілгесін ротор көмірді тонналап қазып алып, оны конвейерлік таспа арқылы жөнелтті. Ал тиеу машинистері таразылар өшірілген күйде көмірді вагондарға теңдей бөліп артты. Бұл кезде электр машинистері сызбалармен жұмыс істеп жатты.
Әр командаға 6 вагон көмір тиеу тапсырылды. Байқаудың маңызды шарты – егер ротор тоқтап қалса, секундөлшеуіш тоқтатылмайды. Бұлай болса, біраз уақыт жоғалтар еді қатысушылар. Бақытқа орай, машина тоқтаусыз жұмыс істеді. Ал көмірдің қаншалықты теңдей тиелгені кейінірек белгілі болады. Экскаватор машинистері арасындағы байқау нәтижелерін жіберіп алмау үшін жаңалықтарымызды қадағалаңыздар.