Өнеге – өзімізден

10.07.2025

Қауіпсіздік – басшылықтан басталады!

Бүгін, 10 шілдеде, «Богатырь Көмір» ЖШС-де басшыларға арналған «Қауіпсіздік мәдениетін арттыру құралдары» тақырыбында оқу өткізілді.


Оны спикер ретінде «Самұрық-Энерго» АҚ Еңбекті қорғау департаментінің маманы Сәкен Базарбекұлы Қожабеков өткізді.и

Курстың негізгі мақсаты – өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетудің заманауи тәсілдерімен таныстыру және кәсіпорындағы қауіпсіз орта қалыптастыруда басшының рөлін көрсету.

⠀Оқыту барысында мына мәселелер қарастырылды:

- еңбек қорғау саласындағы басшылықтың жеке қатысуының маңызы;

- көшбасшылық мінез-құлық аудитінің (КМАБ) бағалау мен ықпал ету құралы;

- мінез-құлықты талдау, тәуекелдерді анықтау және себептермен жүйелі жұмыс жүргізуді  қамтитын кешенді қауіпсіздікті басқарудың жаңа үлгісі;

- қызметкерлердің мінез-құлқы мен уәждемесінің қауіпсіздік деңгейіне әсері.

Қауіпсіздік мәдениеті – бұл тек нұсқаулықтар ғана емес, көшбасшы үлгі көрсететін күнделікті командалық жұмыс.

Мұндай бастамалар – «нөлдік жарақаттану» деңгейіне ұмтылудың және ұжым ішіндегі сенімді нығайтудың нақты қадамы.


Жаңалықтар тізіміне оралу