Мәжілісмен сапары

04.07.2025

«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев Павлодар облысындағы жұмыс сапары барысында көмір өнеркәсібіндегі ірі кәсіпорындардың бірі – «Богатырь Көмір» ЖШС-де болды.


Қонаққа көмір өндіру көлемі, техникалық жарақтандырылуы және компания қызметінің басым бағыттары туралы ақпарат ұсынылды. Бас директорының орынбасары – өндіріс жөніндегі директор Сергей Усик қазіргі өндірістік көрсеткіштер мен өндірістік жүйені жетілдіру тәсілдері жөнінде баяндады.

Сапар барысында еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бас директордың инвестициялар, даму және IT-GR жөніндегі орынбасары Дәурен Асылханов жүргізушілердің жағдайын бақылауға арналған «Антисон» интеллектуалды жүйесінің енгізілгені жөнінде хабардар етті. Бұл технология жүргізушінің шаршау белгілерін дер кезінде анықтап, мүмкін болатын оқыс жағдайлардың алдын алады, осылайша кәсіпорындағы қауіпсіздік деңгейін арттырады.

«Богатырь» кенішінің директоры Серік Саттаров өңірдегі көмір өндіру тарихы мен кен орнын ашық тәсілмен игеру барысында қолданылатын заманауи технологиялар жөнінде айтып берді. Осы жерде айта кететіні биыл кеніш отандық көмір өнеркәсібі тарихындағы маңызды кезең – 55 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Кездесу барысында энергетикалық көмір бағасына мемлекеттік реттеу енгізу мәселесі де талқыланды. Мұндай шаралар салаға инвестиция тарту тартымдылығына және оның даму қарқынына айтарлықтай әсер етуі мүмкін екені айтылды. Азат Перуашев бұл мәселе бақылауда екенін және парламенттік қызмет аясында жан-жақты қарастырылатынын атап өтті.


Жаңалықтар тізіміне оралу