Музыкалық демалыс
28.06.2025
28 маусым күні кеншілер үшін ән мен ойын-сауыққа толы ерекше кеш ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар көңілді де зияткерлік мазмұндағы КВИЗ форматындағы «Музлото» ойынына қатысты. Бұл кеш еңбек адамдарының күнделікті жұмыстан кейін сергіп, шығармашылық қабілеттерін танытуға арналған тамаша алаңға айналды.
Алдымен Біріккен жастар қозғалысының төрағасы Анатолий Козлов ашып, қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. Оның құттықтауынан кейін мерекелік шоу бастау алды.
Музыкалық ойын үш кезеңнен тұрды:
- «По каверочку»,
- «Позови меня тихо по имени»,
- «Дискотека 2000-х».
Әр турда қатысушылар танымал әуендерді анықтап, музыкалық тапсырмаларды орындап қана қоймай, бірге ән айтып, кештің көркін қыздыра түсті. Ойын барысы тек бәсекеге толы емес, сонымен қатар, шат-шадыман, достық ахуалымен есте қалды.
Екі сағатқа созылған бұл жарқын шоуда барлық топтар белсенділік танытып, ерекше ықылас білдірді. Қатысушылардың өнерге деген құлшынысы мен музыкалық талғамы кештің жоғары деңгейде өтуіне сеп болды.
Кеш соңында арнайы аталымдар бойынша келесі командалар марапатталды:
- «Угольки» командасы – «За стильную игру»,
- «Дипломаты» командасы – «Дипломаты с юмором»,
- «Голос соц.развития» командасы – «Гений без давления».
Жүлделі орындар келесідей бөлінді:
ІІІ орын – «Фанта» командасы,
ІІ орын – «Кучерявый чай с молоком» командасы,
І орын – «Семеро с отвал» командасы.
Барлық командаларға дипломдар мен тәтті сыйлықтар табысталды. Бұл кеш кеншілердің ұжымдық рухын арттырып, ерекше көңіл күй сыйлаған, есте қаларлық шаралардың біріне айналды.