Үш жарыс – бір жеңіс!

28.06.2025

Бүгін, спорттық-сауықтыру кешеніне құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері – әмбебап спортшылар жиналып жеңіл атлетикалық үшсайыстан жарысты. Оларды спортқа деген қызығушылық, командалық рух біріктріді.

Сайысқа қатысушы кеншілер алдымен орындарынан ұзындыққа секірді. Артынша, қолдарына граната алып, шамалары жеткенше алысқа лақтыруға тырысты. Ал доданың ақтық сыны – жүгіру жарысы еді.
Үшсайыстың алғашқы кезеңі – ұзындыққа секіруде ерлер мен әйелдер үшін ережелер бірдей болды. Граната лақтыруда: ер азаматтар 700 грамдық снарядпен күш сынасса, әйелдер үшін оның салмағы 200 граммға жеңілдеу, яғни 500 грамм болды. Жүгіру жарысына келсек, нәзік жандылар 500 метр қашықтықты бағындырса, жігіттер 1000 метрлік қашықтықты жүгіріп өтті.
Жалпы үшсайыс бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер әрбір жеке жарыста алған орындарына берілген ұпай сандарына қарай анықталды. Айта кетерлігі, жарысқа қатысушылар төрт түрлі жас аралығында бақ сынасты.

20-29 жас аралығы:
Әйелдер: 1 орын – Камила Бектұрғанова (КН және ӨД)
Ерлер: 1 орын – Ринат Тукаев («Богатырь» кеніші)
2 орын – Ислам Пушканов («Богатырь» кеніші)

30-39 жас аралығы:
Әйелдер: 1 орын – Анастасия Куценко (Атқарушы аппарат)
2 орын – Айжарық Қуанған (ТКЖЖ зауыты)
3 орын – Кристина Парфенова (Атқарушы аппарат)
Ерлер: 1 орын – Алмаз Мұсайыпов (ТКЖЖ зауыты)
2 орын – Аман Байтенов («Богатырь» кеніші)
3 орын – Евгений Григорьев (ЭД)

40-49 жас аралығы:
Әйелдер: 1 орын – Наталья Наак (КН және СД)
2 орын – Оксана Сычугова (Атқарушы аппарат)
Ерлер: 1 орын – Андрей Нягу (ТКБ)
2 орын – Юрий Воробьев (БЖКБ)
3 орын – Самат Бейсенбеков (ТКБ)

50 жас және одан жоғары:
Әйелдер: 1 орын – Елена Нападовская (БЖКБ)
2 орын – Татьяна Сигнеева (ЭД)
Ерлер:
1 орын – Александр Подлесный («Богатырь» кеніші)
2 орын – Игорь Корнилов («Богатырь» кеніші)
3 орын – Бақтияр Меңдібаев (БЖКБ)

Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға ризашылығымызды білдіреміз. Жеңісті жарыстар көп болсын!


Жаңалықтар тізіміне оралу