ЧЕМПИОН ТАХИР
18.06.2025
2025 жылдың 12-13 маусым күндері Щучинск қаласында армрестлингтен ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл додаға еліміздің әр өңірінен күш сынасуға келген тәжірибелі спортшылар қатысты.
Аталған жарысқа спортты жанына серік еткен әріптесіміз Тахир Ильясов та қатысты. 70 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған ол оң және сол қолмен де қарсыластарынан басым болып, алтын жүлдені жеңіп алды.
Бұл – жай ғана жеңіс емес, бұл – үздіксіз жаттығудың, ерік-жігердің және спортқа деген шынайы сүйіспеншіліктің нәтижесі. Ардагер спортшының бұл жетістігі жас буынға үлгі болары сөзсіз.
Тахирді шын жүректен құттықтаймыз!
Оған мықты денсаулық, сарқылмас жігер және алдағы уақытта да спорттық ареналарда биіктен көріне беруді тілейміз!