Командалық табыс
14.06.2025
Екі күн бойы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері спорттың тоғыз түрі бойынша бақ сынады. Соңғы болып жарыс алаңына арқан тартушылар шықты. Одан кейін марапаттау рәсімі өтті.
Спартакиадаға қатысқан әр командаға «Самұрық-Энерго» АҚ атынан Алғыс хат табысталды.
Ортаға Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин шыққанда әуесқой спортшылар оны ду қол шапалақпен қарсы алды. Ол өзінің ізгі тілегін білдіргеннен кейін командалық спорт түрлері бойынша жүлдегерлерді марапаттады.
«Богатырь Көмір» ЖШС командаларының командалық спорт түрлері бойынша нәтижелері:
1 орын – волейболдан әйелдер командасы
2 орын – волейболдан ерлер командасы
2 орын – арқан тарту командасы
3 орын – баскетбол командасы
Сонымен қатар:
Людмила Починок – «Үздік ойыншы» (волейбол,әйелдер командасы) деп танылды
Қадырбек Ибраев – «Үздік тосқауыл қоюшы» (волейбол, ерлер командасы) номинациясын жеңіп алды
Дәулет Тілектес – «Үздік ортаторуылшы» (баскетбол) атағына ие болды.
Жалпы командалық есеп бойынша Х спартакиаданың қорытындысында «Богатырь Көмір» ЖШС командасы жүлделі 3-орынға ие болды.
Кезекті спартакиада өз мәресіне жетті. Жеңістің қуанышы мен жеңілістің көз жасы – өткеннің еншісінде. Келесі жылғы спартакиадада жүздескенше!