Қауіпсіздік стратегиясы

13.06.2025

Бүгін Екібастұз қаласында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы арасында өткен «Көшбасшылық, мәдениет және өндірістегі жарақаттануды төмендету» тақырыбындағы стратегиялық сессия өз мәресіне жетті.

Іс-шараға «Богатырь Көмір» ЖШС-ін қоса алғанда, топ құрамындағы кәсіпорындардың басшылары мен құрылымдық бөлімше жетекшілері қатысты. Қатысушылар өндірістік қызметтің негізгі бағыттарының бірі – еңбек қорғау және жұмыс орындарындағы қауіпсіздік мәселелеріне терең талдау жасады.

Сессияның басты мақсаты – оқыс оқиғалардың себептерін ғана анықтау емес, олардың түпкі себептерін: мінез-құлық ерекшеліктерін, өндірістік процестердегі әлсіз тұстарды, басшылықтың тартылу деңгейі мен корпоративтік мәдениеттің даму дәрежесін кешенді түрде зерделеу болды.

Екі күндік жұмыс барысында қатысушылар:

- қауіпсіздік мәдениетінің ағымдағы деңгейін бағалады;

- саладағы озық тәжірибелермен танысты;

- мінез-құлыққа негізделген тәсілдерге арналған құралдарды меңгерді;

- өз бөлімшелеріне енгізу үшін нақты мақсаттар мен іс-қимыл жоспарларын әзірледі.

Теориялық білім практикалық құралдармен ұштастырылды: тәуекел карталары, мінез-құлыққа негізделген әңгімелер, «қауіпсіздік минуттары», сондай-ақ оқиғаларды талдауға арналған шаблондар қолданылды.

Кездесу соңында «Богатырь Көмір» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Сергей Усик сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға пайдалы әрі тиімді әдістемелік материалдар ұсынғаны үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, ол әріптестерін белгіленген жоспарларды кейінге қалдырмай, ертеңнен бастап нақты іске кірісуге шақырды.


Жаңалықтар тізіміне оралу