Спартакиада басталды
13.06.2025
Бүгін, 13 маусымда, Щучинск қаласында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы жазғы спартакиаданың негізгі кезеңі басталды.
Ауқымды жарысқа барлығы 11 команданың құрамында 600 спортшы қатысуда. Бұл ірі додада «Богатырь Көмір» ЖШС-нің намысын 64 кенші қорғайды
Қатысушыларды қарсы алған «Самұрық-Энерго» АҚ аппаратының басшысы Ерген Шалин құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Екі күн бойы өтетін спартакиада бағдарламасына шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, армрестлинг, арқан тарту, асық ату, баскетбол, шағын футбол және волейбол спорт түрлері кіреді. Осы сайыстар нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. «Богатырь Көмір» компаниясының спортшыларына табыс тілейміз!