Жабысқақ сиқыр
07.06.2025
7 маусым күні «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлерінің балалары үшін ерекше көңілді әрі танымдық шара – Неон Party форматындағы слайм дайындау бойынша шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
Шеберлік сабағын Кира Лепина жүргізіп, балаларға слайм жасауға қажетті материалдарды таратып, оны дайындау тәсілдерімен егжей-тегжейлі таныстырды. Шараға қатысқан әр бала өз қолымен слайм жасап көруге мүмкіндік алды.
Бастапқыда оңай көрінген бұл іс балаларға оңайға соқпады. Әр ингредиенттің мөлшерін дәл қосып, қажетті консистенцияға жеткенше дұрыс уақытпен араластыру – үлкен зейін мен шыдамдылықты талап етті. Дегенмен, балалар бұл сынақтан сүрінбей өтіп, шеберлік сағатының соңында әрқайсысы түрлі түсті, ерекше слаймдардың иесі атанды.
Шараның қызығы мұнымен аяқталған жоқ. Балалармен бірге арнайы шақырылған аниматорлар ойын ойнап, би билеп, көңілдерін бір серпілтіп тастады.
Екі сағатқа созылған бұл ойын-сауық бағдарламасы балалардың көңілінен шығып, ата-аналардың да ризашылығына бөленді. Балалар үйлеріне көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.