Жүзгіштер жеңісі

07.06.2025

 «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасында тамыз айында өтетін Х спартакиадаға іріктеу жарыстары жалғасуда.

Бүгін Астана қаласында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы спартакиада аясында жүзуден жарыс өтті. Оған «Богатырь Көмір» ЖШС спортшылары да қатысып, келесі нәтижелерге қол жеткізді:


4х50 метрлік эстафеталық жарыс:

1 орын – «Богатырь Көмір» ЖШС командасы

(Максим Уренцов, Ринат Тукаев, Нұрсәуле Макарова, Елена Нападовская)


Жекелей есеп:

1 орын – Максим Уренцов

1-орын – Ринат Тукаев

2-орын – Александр Рожков

3-орын – Нұрсәуле Макарова

3-орын – Елена Нападовская


Жаңалықтар тізіміне оралу