Балалық шақтың мерекесі
01.06.2025
«Богатырь Көмір» ЖШС Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қаламыздың кішкентай тұрғындары үшін «TikTok-fest» шоу-бағдарламасын ұйымдастырды.
Кешкілік шара «Boom Party» мерекелік агенттігінің аниматорлары – TikTok, тролль Цветан, қуыршақ Барби, Brawl Stars ойынының кейіпкері Леонның өнер көрсетуімен басталды.
Үш сағат бойы балаларды түрлі ойындар, байқаулар, музыка, сыйлықтар мен тосынсыйлар күтіп тұрды! Балалар эмодзилер арқылы танымал әндерді тауып, тапқырлық пен зейінді талап ететін қызықты тапсырмаларды шешті.
Сонымен қатар, «PARADOX» кавер-тобы түрлі жылдары хит болған әндерді орындап, рэп-әнші Аманчик те өз өнерімен екібастұздықтардың көңілінен шыға білді.
Кішкентай екібастұздықтарды Компания атынан Біріккен жастар қозғалысының төрағасы Анатолий Козлов құттықтап, ізгі тілектерін білдіріп, балаларға шаттық пен қуаныш тіледі.
Кәсіпорынның өнерпаздары да өздерінің сүйікті әндерін орындап, көрермендердің ықыласына бөленді.
Осылайша, «Богатырь Көмір» компаниясы тамаша мерекелік кеш сыйлады. Қызықты әрі көңілді өткен шара балалардың жүрегінен орын алды деп сенеміз.
Балалар мерекесі құтты болсын!