«Богатырь Көмір» Кубогы үшін тартысты бәсеке

31.05.2025

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай спорттық-сауықтыру кешенінің футбол стадионында «Богатырь Көмір» ЖШС Кубогы үшін оқушылар арасында футбол жарысы өтті. Оған қала мектептерінің 10 командасы қатысты.

Бастапқыда командалар үш топқа бөлініп, топтық кезең ойындарын өткізді. Осы кезеңнен сүрінбей өткен командалар жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда жеңіске жеткендер финалдық ойында кездесті.
Бұл жарысқа ереже бойынша 2013–2015 жылдары туған балалар қатысты. Әр ойын тартысты өтіп, барлық команда жақсы ойындар көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша жеке номинациялар жеңімпаздары:
Үздік бомбардир – Асанәлі Қонақбай (№18 ЖОББМ), 8 гол;
Бағалы ойыншы – Мансұр Азаматов (Абай атындағы №2 ЖОББМ);
Пайдалы ойыншы – Мансұр Мұңайтпасов (№6 ЛМ);
Үздік қорғаушы – Дінмұхамед Кенжебай (Абай атындағы №2 ЖОББМ);
Үздік ойыншы – Мәди Кәрібай (Абай атындағы №2 ЖОББМ);
Үздік шабуылшы – Богдан Щебиров (№6 ЛМ);
Үздік қақпашы – Дмитрий Алексеев (№24 ГМ).

Мектептер арасында жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын – Абай атындағы №2 ЖОББМ
2 орын – №18 ЖОББМ
3 орын – №6 ЛМ
Барлық қатысушы командаларға алғыс білдіреміз. Жеңімпаздарды және жүлдегерлерді марапаттарымен құттықтаймыз. Жеңісті жарыстарыңыз көп болсын!


Жаңалықтар тізіміне оралу