Еңбек жолын дәріптеп

30.05.2025

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған ауқымды республикалық «Алтайдан Оралға дейін» велошеруі Екібастұз қаласына аялдады. Велошеру қатысушылары қаладағы «Богатырь» кенішінің жұмысымен танысты.

Спортшылар Қазақстандағы ең ірі көмір өндіруші кәсіпорындардың бірінің жұмысымен танысты, кеніштің тарихы, технологиялық үдерістері және көмір өндірісінің артында тұрған адамдар туралы мол мағлұмат алды.
Айта кетейік, велошеру 2025 жылғы 26 мамырда Өскемен қаласынан бастау алды және 8 маусымда Орал қаласында мәресіне жетеді деп жоспарлануда. Осы аралықта қатысушылар Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласын басып өтеді.
Бұл республикалық велошеру — жұмысшы мамандықтарын насихаттауға, еңбек адамына деген құрметті арттыруға, сондай-ақ жастар арасында салауатты өмір салты мен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған кең көлемді акцияның маңызды бөлігі.


Жаңалықтар тізіміне оралу