«KIOSH 2025» конференциясы
29.05.2025
2025 жылғы 28–30 мамыр аралығында Астана қаласындағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында «KIOSH 2025» — еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі 13-ші Қазақстандық халықаралық конференция мен көрме өткізіліп жатыр.
Аталған көрме — еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша мемлекет, бизнес және халықаралық қоғамдастық арасындағы өзара іс-қимыл тиімді жүзеге асырылатын негізгі мамандандырылған алаң мәртебесіне ие.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің оқу-курстық комбинатының бастығы Любовь Шарипова «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ұлттық кәсіби құзыреттер жүйесінің трансформациясы» тақырыбындағы панельдік сессияға қатысты.
Онда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы кәсіби құзыреттерге қойылатын өзекті стандарттар мен талаптар, жұмыс орындарындағы қауіпсіздік деңгейін арттырудағы трансформацияның маңызы, сондай-ақ білім беру мекемелері мен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері кеңінен талқыланды.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің делегациясы еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікке арналған KIOSH 2025 көрмесіне қатысты. Делегация құрамына өндірістік қауіпсіздік жөніндегі директор Иван Попов, Азаматтық қорғаныс және еңбекті қорғау басқармасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің бастығы Динара Соболева және бас маман Татьяна Дьяконова енді.
Конференцияға қатысу кәсіпорынға еңбек қауіпсіздігі мамандарын даярлау саласындағы өз тәжірибесімен бөлісуге ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы озық тәжірибелер мен тиімді шешімдерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
«Богатырь Көмір» үшін KIOSH 2025 көрмесіне қатысу — қауіпсіз еңбек мәдениетін нығайтудың және ең жоғары салалық стандарттарға сәйкес адами капиталды дамытудың маңызды қадамы болып табылады.